«Райана» жеке балабақша яслиі

«Райана» жеке балабақша яслиі ЖШС-і 2018 жылы жарғы негізінде құрылып, бүгінгі күнге дейін үздіксіз, Қызылорда облысы, Шиелі кенті Ә. Қоңыратбаев 37 үй бойынша жұмыс жасап келеді.Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасын іске асыру бағытында3-4 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру қызметін атқаруда. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбие мен оқыту жұмыстары Қазақсатан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандарты бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасы» негізінде жұмыс жасайды. Балабақша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі.Балабақшада 50 балаға арналған, 2 топ жұмыс жасайды. Ойын, жатын бөлмелері стандарт талабына сай жабдықталған, типтік ғимаратта орналасқан, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен, әрбір топ жеке жатын , ойын киім ауыстыратын , жуынатын және әжетхана бөлмелерінен тұрады. музыка, дене шынықтыру залдары біріктірілген.Мектепке дейінгі балалар мекемесі 5 күндік жұмыс аптасымен, жұмыс уақыты 7.30 – дан 18.00-ге дейін белгіленген. Балабақша өрт-дабыл қондырғылары және бейнебақылау камераларымен, жылу жүйесімен және сумен қамтамасыз етілген. Сыртқы алаңында топтарға арналған ойын құралдары, әр топқа балалар отырып ойнайтын көлеңкелі қоршау орындығымен (беседка), гүл алаңқайлары және балалардың денсулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған. Балабақша техникалық материалдық базасы толық қамтылған, түрлі-түсті теледидар, әдістемелік кітаптар, барлық ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша қамтылған. Дәрігерлік бөлме, асхана, кір жуатын бөлмелер жыл бойы қызмет көрсетеді.
Балабақшаның мақсаты: Баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие, бала тұлғасын дамытуда үлес қосу және тәрбиелеу.  

Mobirise Website Builder
Mobirise Website Builder
 Жүсіпбекова Динара Молдашқызы

«Райана» жеке балабақша- яслиі ЖШС-і меңгерушісі
- Туған жері:Қызылорда облысы,Шиелі ауданы, Алғабас ауылы, Әзімхан Исмаилов көшесі 21;
- Ұлты: Қазақ;
- Білімі: Жоғары;
- Бітірген оқу орны: Тараз институты (2004-2007);
- Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі;
- Еңбек өтілі: 20 жыл.  

Бізбен байланысыңыз!

Телефон

8(707) 890-71-79
8(775) 473-81-16
8(775) 218-07-10

Почта

sadik.rayana@bk.ru

Мекен-жайымыз

Шиелі кенті, Ә. Қоңыратбаев 37 үй

Жұмыс уақыты

7:30 - 18:00

©  2025 «Райана» жеке балабақша яслиі авторлық құқық қорғалған